Атырау, 11 желтоқсан 20:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Жақсы болсын деп...

2 179 просмотра

10 маусым күні таңертеңнен қала тұрғындарынан - «OTAU TV»спутниктік теледидар абоненттерінен қоңыраулар түсе бастады. Олар әлсін-әлі сигналдың жоғалып кететіндігіне, ал үйреншікті телеарналардың орнына кенеттен радиохабарлар беріле бастайтындығына шағымданды.

Біз түсінік алу үшін «Қазтелерадио» АҚ аймақтық даму және дистрибуция бөлімінің бастығы Ғани ТҰМАТОВҚА хабарластық. Маусымның 7-сінен 8-іне қараған түні «OTAU TV» арналарын тарату жүйесін жетілдіру жөнінде техникалық жұмыстар жүргізілген екен. Мамандар мұның кем дегенде сигналды қабылдауды нашарлатпайтындығына сенімді болды.

- Бірақ, өкінішке орай, абоненттерде бұл проблема бүкіл Қазақстан бойынша туындап отыр. Оны шешу үшін абоненттерге зауытта жасалған жұмыс күйін жойып, Пайдаланушыға арналған нұсқаудың «Бастапқы орнату» бөліміне сәйкес қабылдағыштың күйін қайтадан ретке келтіру керек, - деп түсіндірді Тұматов мырза.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

13 маусым 2013, 14:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.