Атырау, 19 мамыр 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Астана әуежайы өкілдері желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды

661 просмотра

Әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларда күрделі жөндеудің болмайтындығы туралы БАҚ-та тараған ақпаратты елорда әуежайының баспасөз қызметі жоққа шығарды. Бұл туралы Астана халықаралық әуежайына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды

Әуежайдың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, 1 мамырдан бастап Астана қаласының әуежайында бас мердігерімен бірлесіп ұшу-қону жолағында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар басталды. 

"Асфальтбетон жұмыстарын жүргізу үшін бас мердігер Астана, Ақтөбе, Шымкент, Қызылорда, Тараз, Талдықорған, Орал және Петропавл қалаларының әуежайларында әуеайлақ жабындарын қайта жаңартуда тәжірибесі бар "К-Дорстрой" АҚ компаниясын жұмысқа тартты. Бүгінгі таңда объектіде инженерлік-геодезиялық ізденістер жалғасуда, сонымен қатар арнайы техника тартылып, инертті материалдар жеткізілуде", - делінген ресми хабарламада. 

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, осыған байланысты Астана халықаралық әуежайындағы авиарейстер кешкі 10-нан таңғы 6-ға дейін орындалмайды. "Қазаэронавигация" РМК арқылы күрделі жөндеуге байланысты әуеайлақта енгізілетін шектеулер туралы NOTAM электронды хабарламалары жіберілді. Әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілгенін және ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізу сенімгерлік басқару кезеңінде инвестордың бірінші кезектегі міндеті болғанын атап өткен жөн. 

Әуежай әкімшілігі әрбір жолаушы мен отбасының саяхатын қауіпсіз әрі жайлы етуді жалғастыруда", - дейді әуежай өкілдері.

Рейстер кестесінің өзгеруіне байланысты осы уақытта жолаушылар ағыны екі есеге ұлғаяды деп болжанған. "Елорда әуежайы жолаушыларының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін ұшу алдындағы тексеру аймақтарын ұлғайтты. 

Бұл ретте ұшу алдындағы тексеруде шамадан тыс жолаушылар ағыны және вокзал маңындағы тұрақта көлік саны ұлғаюы мүмкін. Осыған байланысты әуежай әкімшілігі жолаушылардан рейстерді сәтті орындау мақсатында әуежайға 3-4 сағатқа ерте келуін сұрайды. 

Сонымен қатар жабық тұраққа қарама-қарсы орналасқан 300 көлікке арналған әуежайдың тегін тұрағы бар екенін еске саламыз. Әуежай әкімшілігі ерекше қажеттіліктері бар жолаушылар үшін бірінші қатарда тегін арнайы тұрақ орындары және PRM агенттерінің қызметтері бар екенін хабарлайды", - делінген хабарламада. Тағы да оқыңыздар: 

6 мамыр, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.