Атырау, 25 қараша 22:55
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жағалауды жапқан автобус

2 488 просмотра

Міне екі жылдан бері Балықшы кентінің тұрғындары жағалау құрылысының аяқталуын тағатсыз күтіп жүр. Серуендеп, демалу үшін барлығы дайын – тегіс асфальт, орындықтар, қоршаулар...

Алайда, мына қырсықты қараңыз – үйі жағалауда орналасқан жергілікті тұрғындардың бірі бұқаралық демалыс орнына шығатын жалғыз жолды жауып тастап, қабаған алабайды босатып жіберіп, қоршау белгілерін орнатып қойыпты. Ол аз болғандай, осы «шекарада» жағалаудың құрылысы тоқтап қалды.

- Бұл менің үйімнің жеке меншік аумағы, мен мұны сатып алғанмын, - дейді үй иесі қолына қысып ұстаған құжаттарын сермелеп. – Бұл аумаққа  құрылыс салмақ түгіл жүруге де болмайды.

Осы мәселеге нүкте қойғандай ол жағалауға бұзылған автобусты көлденең қойды.

«Өзімнің және балалардың көңіл-күйін бұзбас үшін және коттедж иесінің кезекті дөрекілігін естімес үшін америка қалашығына дейін барып, сол жерден Жағалауға келуге тура келеді. Ал бұл ұзақ жол, - дейді Байжігітова көшесінің тұрғыны. – Біздер аң-таңбыз: жағалаудың бір бөлігін шынымен-ақ сатып алуға бола ма екен?»

Кейіннен анықтағанымыздай, Балықшы селолық округының әкімі Еркін ҒАЛИЕВ жағдай туралы хабардар екен. Алайда жақында Балықшы кентінің Атырау қаласына қосылуына байланысты, еш нәрсе жасай алмайтын болып шықты.

- Енді бұл мәселемен қала әкіміне хабарласыңыздар, - дейді ол.

Қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВТІҢ атына сәйкесінше хат жолданды. Жауап күтеміз.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

13 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.