Атырау, 17 қаңтар 00:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.65
€ 544.64
₽ 5.16

Батыс Қазақстанда Жайық өзеніндегі су деңгейі Тайпақ ауылында 929 сантиметрге жетті

498 просмотра

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында 929 (қауіпті шегі – 850 см) сантиметрге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 6 мамыр күнгі сағат 08.00-дегі мәліметіне сәйкес аталған гидробекетте су деңгейі бір тәулікте 30 сантиметрге көтерілді.

Жайық суы Ақжайық ауданының аумағы арқылы Атырауға қарай өтіп жатыр.

Есесіне Жайық өзенінің басқа гидробекеттерінде су деңгейі түсіп келеді. Бәйтерек ауданы Январцев ауылында қазіргі кезде 796 (-4, қауіпті шегі – 1 250 см), Орал қаласында 786 (-6, 850 см), Көшімде 809 (-4, 850 см) сантиметрді көрсетті. 

Сондай-ақ Көшім каналында 4 сантиметрге (753 см, қауіпті шегі – 800 см) төмендеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда Жайық суы ең жоғары деңгейге көтерілгенін жазған болатынбыз.

6 мамыр 2024, 08:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.