ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті (ТМРАД) 5 айлық жұмыстарының қорытындысын шығарды.
ТМРАД-тың заңнамалардың сақталуына бақылау жасау және шағымдармен жұмыс бөлімінің бас маманы Әсел АДИЕВАНЫҢ айтуынша, осы кезеңде табиғи монополиялар субъектілеріне қатысты 37 ұйғарым енгізілген. Атап өтсек,тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей ұсынуды талап ететін «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заң баптарының орындалмауына байланысты 35 ұйымға ұйғарым енгізілді. Олардың ішінде «Аққыстау су арнасы» ЖШС, «Атыраугазинвест» ЖШС, «Мұнайқұрылыссервис» ЖШС, «Теңізмұнайқұрылыс ЛТД» АҚ бар. 37-нің үшеуі ұйғарымды белгіленген мерзім ішінде орындамады, сондықтан да ТМРАД оларға жоспардан тыс тексеруді бастады.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА