Атырау, 21 желтоқсан 15:08
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің есеп-қисабы тексеріледі

651 рет қаралды
Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

Жоғары аудиторлық палата «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» бюджетін тексереді. Бұл туралы Жоғарғы аудиторлық палатаның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

Дәлірек айтсақ, палата бұл мектептің 2019-2023 жылдардағы бюджетінің тиімділігін, республика бойынша орта білім беру жүйесін дамытуға тигізген әсерін тексермек.

«Жоғары аудиторлық палата «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Қазақстандағы төрт облыстың бюджеті, сондай-ақ ӘМСҚ, салық және кеден жүйелерінің тиімділігін тексерді. Жоғары аудиторлық палата 2019-2023 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізуді аяқтауда. Атап айтқанда аудит барысында НЗМ-нің республиканың орта білім беру жүйесін дамытуға әсері талданды», - деп хабарлады бүгін, 4 мамыр күні палатаның баспасөз қызметі.

Аудиторлық тексерудің қорытындысы мен Жоғары аудиторлық палатаның тиісті нұсқамалары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына ұсынылмақ.

4 мамыр 2024, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.