Атырау, 18 мамыр 12:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Санитариялық әуе кемесі Қостанай облысында су айдынына қонды

146 просмотра

ЖШС "Навигатор" авиакомпаниясына тиесілі UP-A0124 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар Ан-2 әуе кемесінің Арқалық-Ақсұңқар (Қостанай) бағытында № АК31224 санитариялық рейсін орындау мақсатында 16:10-да ұшуды жүзеге асыру кезінде биіктіктің күрт төмендеуінен су айдынына (еріген су) қонды, деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметі. 

Әуе кемесінің бортында 2 экипаж мүшесі және 3 қызметтік жолаушы болған. Барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментімен Арқалық қалалық ауруханасына жеткізілді. Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер жоқ.

Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберіледі.

Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі қағидаларға сәйкес авиациялық оқиға ретінде жіктеледі және оны азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тексеруге тиіс. Авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрылды.

Бұл оқиғаның себептері анықталуда.

4 мамыр, 09:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.