Атырау, 23 қараша 17:55
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Емделушілер конкурсы

2 383 просмотра

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға ынталандыруда. Биыл алғаш рет «Үздік емделуші» конкурсы өткізіліп отыр.

Жалпы үздік пациент деген ұғым дәрігерге мүлдем қаралмауға денсаулығы мүмкіндік беретін жандар шығар. Алайда, қазіргі уақытта еліміздің ең экологиясы қолайлы аудандарынан да табиғаттың мұндай ғажайыбының табылуы екіталай. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі белгілі бір сырқаты бойынша диспансерлік есепте тұрған үздік пациент сәйкес келуі тиіс өз критерийлерін жасақтады. Ол әрі ішімдік татып алмауы, әрі темекі шекпеуі керек дегендей, ол уақытында дәрігерге қаралып, мамандарға тексеріліп, кеңестер алып тұруы тиіс, базистік препараттарды тұрақты қабылдап, дұрыс тамақтанып, диета сақтауы, денсаулық мектебіне барып тұруы (біздің қаламызда мұндайлар бірнешеу: демікпеге шалдыққандарға, диабетиктерге, неврологиялық сырқаттарға арналған) тиіс. Осы шарттардың сақталуы пациенттің жағдайын тұрақтандыруы тиіс, соған байланысты оған келесі талап қойылды: соңғы жыл ішінде ауру асқынған жағдай болмауы керек. Оған қоса басқа да көрсеткіштер: холестерин, қант, триглицерид (тамырдың жай-күйі көрсеткіштері) деңгейі ескеріледі.

Тапсырма елдегі бүкіл емханаларға берілді. Әрбір емдеу мекемесі барлық жағынан «дұрыс» бір пациентті таңдауы және оның құжаттарын денсаулық сақтау министрлігіне жолдауы тиіс. Атырау қалалық №5 емхана дәрігерлері олар үшін ең үздік пациент Темірғали МҰСТАҒАЛИЕВ (суретте) деп бірауыздан ұйғарған. Көп жылдар бойына ол бүйрек сырқатымен ауырып, 2007 жылы сол жақ бүйрегіне трансплантация жасалған екен. Бүкіл кеңестерді қатаң сақтау өз жемісін беріп келеді. Үш жылдан бері оның сырқатында асқыну жағдайлары болмаған. Оның мұндай жетістікке жету құпиясы қарапайым: ол өз денсаулығы өзінің қолында екенін түсінген. Темірғали темекі тартуды қойып кеткен, тамақтануды қатаң сақтайды. Өз жеңісі туралы білген ол қатты қуанды, өзінің өнегесі басқалардың өздерін жақсы сезінулеріне көмегі тиеді деп үміттенеді. Ал емхана дәрігерлері Мұстағалиевтың ең жақсы пациент екендігіне және елдің үздік пациенті деген атақ оған тиесілі болатындығына сенім артады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

13 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.