Атырау, 21 желтоқсан 15:08
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

«Қазфосфат» компаниясына 1,2 млн теңге айыппұл салынды

406 рет қаралды

«Қазфосфат» ЖШС-не қатысты тұтынушылардың өтініші бойынша басталған тергеу аяқталды. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚА) Жамбыл облысы бойынша департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Түркістан.

Кәсіпорынның қызметін талдау барысында сұйық оттегінің монополиялық жоғары бағасын белгілеуге байланысты монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталды. Бұл факт бәсекелестік нарық негіздерін бұзу болып саналып, Қазақстан Республикасы тұтынушыларының мүдделеріне қайшы келеді.

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен «Қазфосфат» ЖШС Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 159-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәсіпорынға 1 203 300 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды және 8 344 170 теңге сомасына монополиялық кіріс тәркіленді.

3 мамыр 2024, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.