Атырау, 8 қазан 04:05
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Еуропаны шарлап жүріп...

1 776 просмотра

Қазақстанда Еуропалық тілдер күніне орайластырған байқау өтеді.

Екі халықаралық ұйым - EUNIC Almaty және Гёте-Институт Алматы «Менің заманауи Еуропаға көзқарасым» деп аталатын байқаудың басталғандығы туралы хабарлады. Гете-Институттың өкілі Анна МЕЛЬНИКТІҢ айтуынша, қатысушылар кез келген еуропалық ел туралы бейнебаян ұсынуы керек. Бейнебаяндағы дыбыстық түсініктемелер кез келген еуропалық тілде жүргізілуі қажет (мәтіні жоқ роликтер байқауға қатыстырылмайды). Сонымен қатар, айтқыңыз келген елдің тілін білу құпталады, бірақ міндетті емес. Мәселен, өткен жылы Германия туралы бейнебаян ұсынған байқаудың бір жеңімпазы неміс тілін білмеген, тек мәтінді парақтан оқып отырған. Байқауға 18 жастан асқан кез келген адам қатыса алады.

Байқауға қатысушы бейнекамераға wmv форматында жазуы керек. Мұнда фильм көлемі 10МВ-тан аспауы қажет. Болмаса 300МВ-қа дейінгі  avi немесе flv форматтарын қолданған жөн. Содан кейін бейне баянды және қолданылған мәтінді орыс тіліне аударып, sendspace.com (www.sendspace.com) жүйесі арқылы anna.melnik@almaty.goethe.org электронды поштасына жіберу керек. Аты-жөндеріңізді, пошталық, электронды мекенжайларыңызды, үй және ұялы телефон нөмірлеріңізді жазуды ұмытпаңыздар.

Жұмыстар 2013 жылғы 25 тамызға дейін қабылданады. Жеңімпаздарды Алматыда 22 қыркүйекте болатын еуропа тілдері фестивалінде жариялайды. Бірінші орынға түрік әуе желілері ұсынған Түркияға екі билет, екінші орынға – планшет, үшінші орынға - i-pod беріледі.

Анастасия ПАСТУХОВА

13 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.