Атырау, 27 наурыз 20:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85

Қазақстандағы 4 ірі су қоймасы 100% толды

431 рет қаралды
Сурет: РМК "Қазсушар"

Еліміздегі  4 ірі су қоймасы 100% толық, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметі.  

Осы сағатқа еліміздегі су қоймаларындағы жағдай келесідей:

  • БҚО-ның төрт ірі су қоймасы орта есеппен 88%-ға толды.
  • Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы.
  • Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы да 100%-ға толы.
  • Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%.
  • Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 82,4%.
  • Абай облысында Шүлбі су қоймасы 39,8%-ға толды.
  • Қарағанды облысында үш ірі су қоймасы орта есеппен 98,6%-ға толы.
  • Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%.

Су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

3 мамыр 2024, 08:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.