Атырау, 17 мамыр 09:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Бишімбаев ісі: Байжановқа қатысты бір айып шешілді

117 просмотра
скриншот

Судья Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің 434-бабы, яғни, белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша тағылған айып алып тастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұған дейін, мемлекеттік айыптаушы Байжановқа қатысты екі айыптаудың бірінен бас тартқан болатын.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу айыбы бойынша жалғасады.

Айта кетейік, азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді деп айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот тергеуі аяқталып, бүгін, 2024 жылдың 2 мамырында жарыссөз басталды. 

2 мамыр, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.