Атырау, 21 желтоқсан 15:07
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

«Салтанат үшін өмір бойына сотталсын». Адвокат Бишімбаевтың сотына келгендердің киіміне шүйлікті

505 рет қаралды
видеодан скриншот

Бүгін елорданың ауданаралық сотында Бишімбаев ісіне қатысты сот процесі жалғасты. Қорғаушы тараптың адвокаты Ерлан Ғазымжанов «Салтанат үшін өмір бойына сотталсын» (За Салтанат, пожизненно) деген жазуы бар майка киген адамдарды сот залынан шығарып жіберуді сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Оның сөзінше, бұл жазулар алқабилердің ойына әсер етуі мүмкін.

Судья Айжан Құлбаева адвокаттың өтінішін қабылдаудан бас тартты.

«Сот процеске қатысушылардан басқа азаматтарға қандай киім киіп келу керек екеніне қатысты талап қоя алмайды», - деді судья.
2 мамыр 2024, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.