«Рамстор» супермаркетінде Атырау облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің қызметкерлері жүргізген жоспарлы тексеру барысында сатып алынған тұшпаралардан ішек таяқшасы анықталды.
Түрлі тауарлардың, атап айтсақ, косметикалық құралдар мен тез бұзылатын өнімдердің барлығы 50 атау түрлері сатылып алынды. Барлық тауарлардың Кедендік одақтың санитарлық талаптарына сәйкестілігі тексерілді.
«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Атырау филиалы сынақ зертханасында алынған үлгілерді зерттеу барысында СМАК «Алтын той» және «Беккер Восточные» тұшпараларының тартылған еттерінен ішек таяқшасы тобының бактериялары табылды.
«Рамстор Қазақстан» ЖШС-нің әкімшілігіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып 50 АЕК – 85 550 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сынақтық үлгісінде ішек таяқшасы табылған тұшпаралар партиясы жойылды.
Тамара СУХОМЛИНОВА