Атырау, 21 желтоқсан 16:34
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Астанада мектеп бухгалтерлері 130 млн теңге жымқырған

701 рет қаралды
Фото: gov.kz

Астанада мектеп есепшілері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

«7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 млн. теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады», - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

30 сәуір 2024, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.