Атырау, 21 желтоқсан 16:32
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алматы облысында оқушы қыз сабақ үстінде қайтыс болды

776 рет қаралды
Фото: freepik.com

Алматы облысында 4-сынып оқушысы сабақ үстінде көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қайғылы жағдай Қарасай ауданы Қошмамбет ауылындағы орта мектепте болған. Алматы облыстық білім басқармасы қайғылы жағдайды растады.

«Сабақ кезінде қыз бала өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Медициналық көмек ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес көрсетілді. Медицина мамандары қанша тырысқанымен мектеп оқушысын аман алып қала алмады. Оқушы қыз жедел жәрдем көлігінде, ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

30 сәуір 2024, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.