Атырау, 17 мамыр 18:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

7 жастағы қазақ қызы шахматтан әлем чемпионы атанды

484 просмотра
Сурет: Қазақстанның шахмат федерациясы

Албанияда өткен шахматтан әлем чемпионатында 7 жастағы қазақ қызы топ жарды деп хабарлайды, Ulysmedia.kz 

Қазақстан шахмат федерациясының мәліметінше, 2024 жылдың 26-28 сәуір аралығында Адриатика теңізінің жағасында орналасқан Албанияның Дуррес қаласында кадеттер арасындағы жылдам шахматтан (рапид және блиц) әлем чемпионаты өтті. 40-қа жуық елден келген жас шахматшылар үш жас санатында бақ сынасты. 

"Біздің жас шахматшыларымыз ең жоғары деңгейдегі жарқын жеңістермен қуантуды жалғастыруда. Рапид пен блицтен әлем біріншілігінде бір алтынды қоса алғанда, алты медаль жеңіп алды-бұл ең алдымен жаттықтырушылар штабы, ата-аналар мен спортшылардың өздері жасаған үлкен жұмыстың нәтижесі. Балалар бүкіл Қазақстанның мақтанышы ғана емес, сонымен қатар шахматпен айналыса бастаған жүздеген және мыңдаған құрдастары үшін үлгі", – деп атап өтті Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Тұрлов. 

Жарыста Қазақстанның атынан 22 жас спортшы бақ сынады. Алтын медальды рапидте сегіз жасқа дейін бақ сынаған Әлиша Бисалиева иеленді. Сондай-ақ ол блицтен "күміс" медаль иеленген. 

Және ақтөбелік Нұралы Нұршин де күміс медаль жеңіп алды. Түркістаннан Нұрислам Сұлтанхан, Ақтөбеден Ханзада Аманжол және Астанадан Әлімжан Жауынбай қола медаль иегері атанды. 

30 сәуір, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.