Атырау, 21 желтоқсан 16:33
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Астанада алаяқтық жасаған курьер сотталды

651 рет қаралды
Фото: pexels.com

Астанада 27 жастағы курьер алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқ телефон арқылы жәбірленушіге оның қызы жол апатын жасап, салдарынан адам қаза тапқанын және осы істі оң шешу үшін оған ақша аудару қажет екенін айтқан. Осылайша, жәбірленушінің 1 млн теңгеден астам ақшасын иемденген.

«Осы іске қатысты Астана қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол қылмыстық топтың ұйымдастырушыларын Telegram-арнасындағы хабарландыру арқылы тауып, олардың сыбайласы болған. Сотталушы ақшаны алып, өзіне осы ақшаның 10%-ын қалдырып, қалған бөлігін белгісіз адамдардың есепшотына жіберіп отырған», - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімімен курьер жәбірленушілердің пайдасына материалдық шығынды өтеді. Үкім заңды күшіне енді.

Қылмыстық топтың басқа мүшелеріне, оның ішінде қылмысты ұйымдастырушыға қатысты қылмыстық іс жеке өндіріске бөлініп, оны анықтау және одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша барлық шара қабылданып жатыр.

29 сәуір 2024, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.