Атырау, 21 желтоқсан 14:52
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Синоптиктер Алматы мен тағы 4 қала тұрғындарына ескерту жасады

556 рет қаралды
Фото: azh.kz/ Елена Сүндетова

Қазгидромет Алматы мен тағы төрт қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылғы 29 сәуірде Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау, Риддер, Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

29 сәуір 2024, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.