Атырау, 21 желтоқсан 16:33
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Бишімбаев сот отырысына келмей қойды

516 рет қаралды
Фото: Жоғарғы сот

Бүгін Бишімбаев ісі бойынша сағат 10.00-де өтуі тиіс жарыссөз түстен кейінге шегерілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сот залына Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов келмеген.

«Сотталушыны сот залына шамамен сағат 11.00 кезінде әкеледі. Оны жеткізіп, залға кіргізгенге дейін сағат 12.00 болады. Біз түскі сағат 13.00-де түскі үзіліске кетуіміз керек. Сондықтан, сот отырысы сағат 14.30-ға ауыстырылды», - деді судья Айжан Құлбаева.

Айта кетсек, 2024 жылдың 24 сәуірінда Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуді аяқтаған болатын.

Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы абайсызда өлтіріп алғанын мойындап, өзіне тағылған “аса қатігездікпен адам өлтіру” және “азаптау” баптарын мойындаудан бас тартты. 

29 сәуір 2024, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.