Атырау, 5 қазан 11:35
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Демалыс аймағы жекеге тиесілі

2 247 просмотра

Абай алаңындағы 5 қабатты үйдің бірнеше тұрғыны «АЖ»-ға хат жолдап, төмендегі жағдайды баяндады:

«Атырау» мейманханасының жанында жазғы кафе орналасқан. Кафенің жазғы уақытта бұрқақ атқылайтын абаттандырылған аумағына (ол әжептәуір үлкен) клиенттеріне жатпайтын жандарға кіруге тыйым салынған. Өткен жылы кафенің жанына қала тұрғындары демалу үшін жақсы алаңқай  жасады. Аяқ жолдарға кеспе тастар төсеп, отырғыштар орнатты. Жақын маңда тұратын тұрғындар кешкісін сол жерде балаларымен демалатын. Өткен жылы бұл алаңқайды дуалмен қоршап тастады. Қала тұрғындарының наразылығына – бұл жердегі аумақты жақсартатынын айтқан. Биыл «Атырау» мейманханасының жазғы кафесінің жабық аумағын бөліп тұрған дуал қала тұрғындары демалатын алаңқайдың қомақты бөлігін «жеп», лезде орныға қалғанын көргенде таң қалғанымызды көрсеңіз. Жеке нысанның қандай негізде қоғамдық мақсаттағы жерге ауыз салғанын білгіміз келеді».

Біз тиісті сауалды қалалық әкімдікке жолдадық. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Қадырғали ТҰРҒАНОВ былай деп жауап берді: «Бұл учаске «Фирма Тулеу» ЖШС жеке меншігі боп табылады және 2013 жылдың 1 мамырындағы жалға алу келісімшартының негізінде «“Отель Atyrau” ЖШС-не уақытша пайдаланылуға берілді». Жазбаша жауапқа қала тұрғындарының демалыс аймағы болған жер учаскесіне заңды құжаттар тіркелген. Ол бойынша учаскенің екі мәрте сатылғандығын көруге болады. Бірінші сату-сатып алу келісімшарты (келісімге қатысушылар көрсетілмеген) 2011 жылдың наурызында ресімделген. Сәуірде, 4 күннен соң сатып алынған учаскені тіркегеннен кейін қожайыны оны «Фирма Тулеу» ЖШС-не қайта сатқан. Жер учаскесі ғимаратқа (құрылымға, құрылысқа) қызмет көрсетуге арналған. Жер учаскесін пайдалануға қойылған шектеу – учаске арқылы өту құқығы.

«ҚР Конституциясының 26-шы және 39-баптарына сәйкес Әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар. Егер меншік иесінің белгілі бір нысанына барлық тиісті рұқсат құжаттары бар болса, ол оны арналған мақсаты бойынша пайдалануға құқылы және ешкімнің де оның қызметіне кедергі келтіруге қақысы жоқ, - деп сөзін түйіндеді Қ. Тұрғанов өз жауабында. Сондықтан Владимир Ильич айтқандай, формасы бойынша дұрыс, ал шындығында...

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

13 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.