Атырау, 7 мамыр 07:26
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Автобус қаққан үш адамның өлімі: сотталушыға үкім шықты

637 просмотра
Видеодан жасалған скрин

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында былтыр желтоқсанда үш адамның өліміне себеп болған автобус апатының ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкім

Сот үкімі бойынша автобус жүргізушісін ұрған Дархан Ахметжанов Қылмыстық кодекстің 351-бабының 3-бөлігі (көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ережелерді бұзу) бойынша, 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылды. Ахметжанов түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айырылды. Жазасын ол қауіпсіздігі барынша төмен түзету мекемесінде өтейді.

Үш адамның өлімі

Алматыдағы автобус апаты былтыр желтоқсан айында болған еді. Осы оқиғаның салдарынан ерлі-зайыпты Талап Қасымов пен Гүлжан Ерсімбетова, сондай-ақ, Айдос Әлменбаев атты үш азамат көз жұмған. Қайғылы оқиға болған күні олар жол жиегінде көлік тоқтатып тұрған. Апат кезінде үш баланың әкесі Айдос Әлменбаев та қаза тапты. Оның кіші қызы небәрі төрт жаста.

Үш азаматтың қаза болу фактісі бойынша Алматы полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 351-бабының 3-бөлігі (көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ережелерді бұзу) бойынша, 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша қылмыстық істерді тіркеген. Сот Жоғарғы соттың ютуб-арнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

26 сәуір, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.