5 маусымда Құрманғазы мәдениет үйінде Бүкіләлемдік қоршаған орта күні салтанатты түрде аталып өтті.
Өткен жылдары белгілі экологтарды, сондай-ақ шенеуніктерді марапаттаған шарадан өзгешелігі бұл жолы қорықшылар мен табиғи ресурстар басқармасы және облыстық экология департаментінің қатардағы қызметкерлері салтанатты шараның басты кейіпкерлеріне айналды. Оларға облыс әкімі атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтары табыс етілді.
Өкінішке орай, біздің оқырманда-рымыздың сүйікті байқауына айналған үздік жасыл жеке аула, мектеп, балабақша сияқты бәйгелер биыл өткізілмеді. Алайда облыс оқушылары екі байқау бойынша сынға түсті: «Табиғат – сенің үйің» тақырыбында сурет салу және «Қалдықтарға – екінші өмір» атты қолөнер бұйымдарын жасау байқаулары өтті. Жұмыстар мәдениет үйі холында көрсетілді. Байқаулардың 10 қатысушысына сыйлықтар берілді.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА
Суретті түсірген Жеңіс ТҰҢҒАТАРОВ