Атырау, 4 мамыр 14:51
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Енді білім беру ұйымдары ескертусіз тексеріледі

310 просмотра
Фото: freepik.com

Енді білім беру ұйымдарын алдын ала ескертусіз тексеруге болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл сәуірде әйелдер мен балалардың құқығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заңға қол қойылды.

«Заң шеңберінде жоспардан тыс тексеру жүргізу тәртібі өзгерді. Енді еліміздің білім беру ұйымдарында жоспардан тыс тексерулерді субъектіні алдын ала хабардар етпей және тексеру тағайындау туралы актіні тіркеусіз жүргізуге болады. Бұл норма балалардың құқығы бұзылған жағдайда тексеріске дайындалуға мүмкіндік бермейді», - деп жазылған хабарламада.

Балалардың құқығын қорғау комитеті білім беру ұйымдарына тұрақты негізде тексеріс жүргізеді.

25 сәуір, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.