Атырау, 28 мамыр 15:36
 ашықВ Атырау +21
$ 442.84
€ 480.97
₽ 5.00

СҚО-да полиция подполковнигі өлі күйінде табылды

341 просмотра

СҚО-да облыстық полиция департаментінің жедел уәкілі Иван Гугняк өлі күйінде табылды. Ведомство қызметкердің қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

СҚО полициясының жедел уәкілі подполковник Иван Гугняк өлі күйінде табылды. Әлеуметтік желіде ол аттестаттауға дайындалып, жүгіру кезінде қайтыс болды деп жазды. Алайда полиция департаменті бұл ақпаратты растаған жоқ.

«Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы, жеке құрамы және ардагерлер кеңесі полиция подполковнигі И.Н.Гугняктың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Қызметкердің қайтыс болуы кезектен тыс аттестаттаудан өту кезінде болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, өйткені оның лауазымы аттестаттаудан өтетіндердің тізбесіне кірмеген», - деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 24 сәуірде ШҚО полиция департаменті бастығының қайтыс болғаны белгілі болды.

25 сәуір, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.