Атырау, 19 шілде 02:15
 дождьВ Атырау +22.6
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97

Алматыда лаунж-бар қызметкері қонақтарға мефедрон сатқан

579 рет қаралды
Фото: Алматы прокуратурасы

Алматыдағы барда арнайы операция өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

Алматы прокуратурасының бастамасы бойынша, ҰҚҚБ қызметкерлері қаланың түнгі ойын-сауық орындарының бірінде есірткі заттарын тарату жөніндегі қызметтің жолын кесті.

"Арнайы операция нәтижесінде жұмыс орнында синтетикалық "мефедрон" есірткісін сатқан 21 жастағы лаундж-бардың қызметкері (кальяншы) ұсталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

25 сәуір 2024, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.