Атырау, 4 мамыр 12:00
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватындағы өрт оқшауланды

92 просмотра
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысындағы Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватында 5 күнге созылған өрт оқшауланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 сәуірде Алматы облысының Балқаш ауданында қамысты өсімдік өртеніп, жалын 31 гектар орман қорына таралған. 

«Аталған факт бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің "Ормандарды жою немесе бүлдіру" деген 341-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, сегіз жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіру үшін тікұшақпен жалпы көлемі 387 тоннадан астам 129 су ағызу жұмысы жүргізілді.

Қазіргі уақытта өрт оқшауланды.

25 сәуір, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.