Атырау, 6 мамыр 03:10
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Ақтауда мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген

270 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Маңғыстау облысы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды заңсыз ұстау фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомстваның 2024 жылғы 24 сәуірдегі ақпаратынша, заңсыз "мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген" фактіні, "Кедергісіз қала" пилоттық жобасын іске асыру аясында анықтаған.

"Аталған заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның нәтижесімен 22.04.2024 жылы Ақтау қаласының аумағында құқық бұзушылық жасауға қатысы бар тұлғалар ұсталды."Маңғыстау облысының прокуратурасы

Аталған факті бойынша полиция департаментімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабының 2-бөлігі 1, 6-тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

24 сәуір, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.