Атырау, 19 мамыр 06:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Көкшетауда Eolus қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

267 просмотра
Фото: freepik.com

Көкшетауда Eolus қаржы пирамидасын құрған және басқарған, сондай-ақ оны жарнамалаумен айналысқан екі қала тұрғынына қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

"И" және "X" азаматтары жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында, Eolus қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды. Салымшылардың қаражаты криптовалютаға аударылып, "energyeolus.info" платформасына аударылды. Залал сомасы шамашен 10 миллион теңге болады.

"Сотта мемлекеттік айыптаушы бірбеткейлікті ұстана отырып, жасаған қылмыс бойынша сотталушылардын кінәсін, және де мүліктің жасалған қылмыс нәтижесінде пайда болуын дәлелдеген.

Сот үкімімен "И" және "X" азаматтары кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты мүлкі тәркіленіп, қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, тиісінше 4 жыл және 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді".

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

24 сәуір, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.