Атырау, 6 мамыр 09:41
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

1993 жылғы су тасқыны Жайық фаунасын қалай байытты

580 просмотра
Көрнекі сурет

Әлі күнге дейін ғалымдар  Жайық өзенінің төменгі ағысында 30 жылдан бері мекендеп келе жатқан дөңмаңдай, ақ амур және тұрпа балықтарының бірде біреуінің шабағын ұстай алмағандықтан, ресми түрде олар «тіркеуде» жоқ.

Батыс Қазақстан облысы – балық шаруашылығы жоғары дамыған өңір екені белгілі. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тізімдік деректері бойынша Батыс Қазақстан облысының аумағында 989 балық шаруашылығы су айдыны бар. Оның үшеуі ғана иесіз болып саналады.

Атырау облысында балық өсіретін екі су қоймасы – Каспий теңізі мен Жайық өзені бар.

Ихтиологтардың айтуынша, 1993-94 жж. Батыс Қазақстан облысында торлар жойылған соң көп балық ағыспен төмен қарай біздің өңірге қоныс аударды. Содан бері Жайықта «қоныс аударған» дөңмаңдай, ақ амур және тұрпа балықтары мекендейді.

Бұл балықтарды тіркеуге алу үшін ғалымдар балықтың осы жерде жақсы уылдырық шашатынын дәлелдеу керек. Өкінішке орай, сыртқы ортада бұл балықтардың шабақтары әлі алынған жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ

Батыс Қазақстан облысындағы ірі, ең бастысы өнімді тоғандар (ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері): Ақжайық ауданы – Бітік және Дөңгелек су қоймалары, Жайыө өзені, Грачи-1 және -2, ескі арналар: Красная, Вальковая, Глубинная, Красная-2, Бородиновская, Жилая (Горячкинская), Воровская.

Бөкейорда ауданы – Мұратсай су қоймасы.

Жаңғала ауданы – Айдын, Қоғалы, Еділсор, Соркөл, Орлово, Попово, Брусяное, Ларино көлдері, Песчаная, Большое, Прорва, Кривое ескі арналары.

Бәйтерек ауданы – Деркөл өзені, су қоймалары: Емболат өзенінде Пятимарское, Кировское және Корейское, Таловая № 2, Вишневая сайында, өзен бойында. Малая Быковка, Рубежка өзектерінде, тоғандар – Гремячий, Пеньковская сайындағы Пеньковский, Котельниково ауылы маңындағы №1 және №2, Мантық сайында, Емболат өзенінде Кура; тоғандар – Павлово ауылы маңындағы Татарская, Жилое, Карпятник сайында, №1 және №2, Цыганская бөгеті, Чигрин; Красная Котлубань және Торская ескі арналары.

Казталов ауданы -  Рыбный және Сакрыл көлдері, Сарышығанақ су қоймасы, Үлкен және Кіші Өзен, Ащысай өзендері.

Қаратөбе ауданы – Қалдығайты, Жақсыбай өзендері, Ерімбет тоғаны.

Сырым ауданы – Шолақ-Аңқаты өзеніндегі су қоймасы.

Тасқала ауданы – Чижа-1, 2, Деркөл өзендері. Теректі ауданы – Қараоба өзені бойындағы су қоймасы, Сұлусай сайындағы су қоймасы.

Шыңғырлау ауданы – Жіңішкесай өзені бойындағы су қоймасы. Шаңды, Жыланды, Шыңғырлау өзендері, Еңбек сайындағы Қарағай тоғаны (Орал қаласы), Шаған өзені мен Кумыска ескі арнасы.

24 сәуір, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.