Атырау, 25 желтоқсан 02:25
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Аман қалғанына шүкір

1 863 рет қаралды

23 мамырда Теңізде КТЛ-2 «У-400» қондырғысында кезекшілікте жүрген үш жұмысшының газға уланғандары анықталып отыр.

Сол  күні  сағат 15.00-дер шамасында ТШО клиникасына ауыр халде, газден уланды деген болжаммен «Хемимонтаж» ЖШС-нің трубомонтажнигі М.Буйраев түскен. 

Сонымен қатар, сол күні бас ауру, жүрек айыну себептерімен ТШО клиникасына аталған мекемелердің 2 жұмысшысы түсіп, көрсетілген бірінші дәрігерлік көмектен соң жұмыс орындарына қайтарылған. Ал, М.Буйраев ес-түссіз күйде Атырау облыстық ауруханасына жөнелтілген еді. Қазір ол емдеу курсынан өтіп, ауруханадан шықты.

-Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу алды тексеру жұмыстары жүргізілуде,-дейді  Жылыой ауданы прокурорының аға көмекшісі Марат ЕРМЕКОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 маусым 2013, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.