Атырау, 6 мамыр 13:09
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Ақтобе облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі

197 просмотра

2024 жылдың 24 сәуірінде сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін Т.Жургенов ауылында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды терроризмге қарсы орталықтың баспасөз қызметі. 

Іс-шараның мақсаты Әйтеке би ауданындық терроризмге қарсы жедел штабының күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл әрекет етуін пысықтау мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру болып табылады.

Осыған байланысты, ауылының тұрғындары мен қонақтарын оқу-жаттығуға жұмылдырылатын мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауға, өткізілетін жұмыстарға түсіністікпен қарап, жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.

Жалған және сенімсіз ақпаратты таратқан үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.

24 сәуір, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.