Атырау, 21 желтоқсан 18:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алматыда 10 жастағы баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды

638 рет қаралды
скриншот

Алматыдағы «Алма сити» шағын ауданындағы тұрғын үйде ер адам 10 жасар баланы үйіне алдап кіргізіп, азғындамақ болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода ер адам мен жас баланың бірге пәтерге кіріп бара жатқаны анық көрсетілген. Сәлден соң жеткіншек сыртқа жүгіріп шығып, баспалдақпен төмен қарай қашып кетеді. Тұрғындардың сөзінше, бұл оқиға «Алма сити» тұрғын үй кешенінде болған. Азығындық жасамақ болған ер адам тұрғын үйде құрылыс жұмыстарын істеп жүрген Қарақалпақстан азаматы болып шықты.

Полиция күтіктінің ұсталғанын хабарлады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Сараптама тағайындалды. Істің басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
23 сәуір 2024, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.