Атырау, 4 мамыр 10:18
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Қуандық Бишімбаев Салтанатқа тірі кезінде қандай төрт талап қойған

336 просмотра
фото Arbat.media

Бүгін сот отырысында Қуандық Бишімбаев, марқұм Салтанат Нүкенова мен психолог Юлия Герасимова арасындағы хаттар оқылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қуандық Бишімбаевтың телефонын зерттеп жатқан судья Айжан Құлбаева ресейлік психолог Юлия Герасимовамен болған чатты ашып, ондағы хаттарды оқыды. Бишімбаев пен Нүкенова психологтың сеанстарына онлайн қатысып жүргені белгілі болды.

Психологтың жазғанын оқыған Айжан Құлбаева арасында күлкісін де жасыра алмады. Өйткені, ол ерлі-зайыптыларға ақыл-кеңес айтып, арасында өзінің жарнамасын да ұсынған.

Құлбаеваның оқыған хаттары арасында Бишімбаевтың Салтанатқа қойған талаптары мен Салтанаттың Бишімбаевқа қойған талабы бар.

«Бишімбаев Салтанатқа:
аптасына бес күн кешкі ас дайындасын;
Салтанат сол кешкі аста қасында отырсын;
Салтанат жүріс-тұрысын айтып отырсын;  
өзін сабырлы күйде ұстасын деген талап қойған.
Ал, Салтанат Қуандық Бишімбаевтан «мені сынауын азайтып, мені кінәламай, эмоционалды түрде қысым жасамасын» деген талабын айтқан», - деді хаттарды оқыған Құлбаева.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, 2023 жылы 9 қарашада, азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенова қаза тапқан күні Қуандық Бишімбаев әйелдермен жайбарақат күйде хат алмасқан.

23 сәуір, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.