Атырау, 21 желтоқсан 18:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алматыда полиция көлігі мопед жүргізушісін соғып кетті

533 рет қаралды
видеодан скриншот

Алматының қақ ортасында полицияның патрульдік көлігі мопед жүргізушісін соғып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқиғаның видеосы egov.press telegram арнасында пайда болды. Дереккөзге сүйенсек, жол апаты Жетісу ауданында болған.

 «Полиция патрулінің экипажы шұғыл шақыртуға бару үшін жолдың ортасында бұрылған. Басқа көліктер полицияға жол берген, алайда, мопед жүргізушісі қоғамдық көлік жүретін жолға түсіп алып, заң ережелерін елемей, патрульдік машинамен соғылған. Мопед жүргізушісі медициналық көмектен бас тартты», - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.
23 сәуір 2024, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.