Атырау, 3 мамыр 23:30
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

«4,3 млрд теңгені жымқырған»: алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды

245 просмотра
видеодан скриншот

Құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Бас прокуратура ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресей Федерациясынан күдіктіні экстрадициялады.

«Ол 2020-2023 жылдар аралығында құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, Астана қаласында премиум санатындағы пәтерлерді салу және сату сылтауымен алдын ала сөз байласу арқылы 4,3 млрд теңгеден астам сомаға 200-ден астам үлескердің ақшалай қаражатын ұрлап кеткен.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық iздестiру жарияланды», - делінген хабарламада.

Өткен жылдың қараша айында ҚР Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша бұл азамат Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыстық топтың басқа да сыбайластары өткен жылдың соңында ұсталды, қазірді таңда оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

23 сәуір, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.