Атырау, 3 мамыр 23:54
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Мамырда басталатын «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының шарттары белгілі болды

306 просмотра
Фото: freepik.com

«Отбасы» банкі төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов Үкімет отырысында 1 мамырдан басталатын «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасының шарттары жайлы айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Айта кетейік, биыл мамыр айынан бастап Президенттің тапсырмасына сай «Наурыз» бағдарламасы іске қосылады.

«Бағдарлама қатысушыларына депозитті ашу мерзіміне ешқандай талап қойылмайды. Депозитте кем дегенде 1 млн теңге болуы керек. Соңғы 5 жылда тұрғын үй және тұрғын үйге қатысты операциялар болмауы керек.  Ипотекалық несие әлеуметтік осал топтарға 7 пайызбен, қалған санаттағы азаматтар үшін – 9 пайызбен беріледі. Алғашқы жарна - 20 пайыз. Қарыз мерзімі 19 жылға дейін созылады. Өтінімдерді  қабылдау биыл 1 мамырдан басталса, келесі жылы наурызда басталады. Ол 24 маусымға дейін созылады. Қабылданған үміткерлерді бағдарлама автоматты түрде іріктейді. Олардың тізімі банктің ресми сайтына жарияланады. Өтінімдер 1 шілде мен 31 тамыз аралығында несиеге өтінімдер қабылданса, 1 шілде мен 15 желтоқсан аралығында несие беріледі», - деді ол.

Ақшанов атағандай, «Наурыз» бағдарламасы бойынша Астана мен Алматы бойынша баспана құнын 36 млн теңге, өңірлерге 30 млн теңге етіп бекіту ұсынылып отыр.

Өз кезегінде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев осы жылы бағдарлама бойынша 300 млрд теңгеге 12 мың ипотекалық несие берілсе, одан әрі 8 мың несие беру үшін жыл сайын 200 млрд теңге қарастырылады.

23 сәуір, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.