Атырау, 3 мамыр 20:57
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Биыл Қазақстанда қандай ұзақ мерзімді жол құрылысытарын аяқтау жосапрланған?

177 просмотра
Фото: "ҚазАвтоЖол"

2024 жылы 3,1 мың шақырым жолдың құрылысы және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның 1,9 мың шақырымын пайдалануға беру жоспарланған. Tengri Auto ресми сауалына жауап ретінде "ҚазАвтоЖол" биыл қандай ұзақмерзімді құрылыс жобалары ашылатынын хабарлады.

Биыл бірқатар ұзақ мерзімді құрылыс нысандарын, соның ішінде республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын аяқтау жоспарланған:

  • Астана – Балқаш – Алматы тасжолы (885 шақырым).
  • Атырау – Ресей шекарасы, Астрахань тасжолы (217 шақырым).
  • Ақтөбе – Қандыағаш тасжолы (96 шақырым),
  • Талдықорған – Өскемен тасжолы (768 шақырым).
  • Компания мәліметінше, бүгінде жұмыстың 80 пайыздан астам орындалған.
  • "Астана - Алматы бағыты бойынша Орталық - Оңтүстік дәлізін қайта жаңарту шеңберінде Қарағанды - Балқашты (363 шақырым – аяқтау, шартқа сәйкес, 2024 жылғы 30 қарашада) қайта құрудың төрт негізгі учаскесін қамтитын жалпы ұзындығы 946 шақырым жобалары іске асыру жүргізіліп жатыр: Балқаш - Бурылбайтал (288 шақырым - толық аяқтау 2025 жылға жоспарланған), Бурылбайтал-Құрты (228 шақырым - учаскелер бойынша жұмыстарды аяқтау 2024-2025 жылдарға көзделген) және Құрты - Қонаев (67 шақырым - толық аяқтау 2025 жылға жоспарланған). Жол 850 шақырымнан астам жаңа асфальтбетон төсемімен қамтамасыз етілген", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
  • Талдықорған – Өскемен тасжолын 2024 жылдың 30 қарашасында аяқтау жоспарланған:
  • Ақтөбе-Қандыағаш тасжолы – биыл желтоқсанда.
  • "Атырау-Ресей шекарасы" тасжолы да (Астраханьға дейін) 2024 жылдың желтоқсанында аяқталады деп уәде етілген.
23 сәуір, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.