Атырау, 21 желтоқсан 18:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстанда гидротехникалық нысандар салған кезде 1 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған

331 рет қаралды
Фото: primeminister.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салу кезінде ақша жымқырды деген күдікпен  Алматы қаласы, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында төрт іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қаржылық мониторинг агенттігі гидротехникалық нысандарды салуға бөлінген  қаражаттың жұмсалуын тексереді.

«Агенттіктің аумақтық департаменттерінің басшылары мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне араласпай, бөгеттер, су бұру объектілерін салу, сондай-ақ өзен арналарын тереңдету үшін ақшаны ұтымды пайдалануды зерделеуі қажет», - деп тапсырды  агенттіктің төрағасы Дмитрий Малахов.

Осы тапсырма аясында қаржылық мониторинг органдары Алматы қаласында, Ақтөбе, Қызылорда және Ұлытау облыстарында жымқыру белгілері бойынша төрт іс қозғады. 5 адам күдікті деп танылды. Залалдың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты.

23 сәуір 2024, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.