Атырау, 21 желтоқсан 18:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Елімізде арнайы ХҚКО-ның деректер базасы істемей тұр

650 рет қаралды

22 сәуірде арнайы ХҚКО-да техникалық ақауға байланысты жүргізуші куәлігін алу мен көлікті қайта тіркеу қызметтері уақытша тоқтап тұр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы жұмысты қалпына келтіру үшін тиісті процедуралардың жүріп жатқанын хабарлады.

«Еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-ларында жүйенің уақытша дұрыс жұмыс істемеуі байқалады. Осыған байланысты жүргізуші куәліктерін беру және көлік құралдарын тіркеу бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуде проблемалар туындауы мүмкін. Жауапты мамандар қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.
22 сәуір 2024, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.