Атырау, 28 мамыр 15:06
 ашықВ Атырау +21
$ 442.84
€ 480.97
₽ 5.00

Бишімбаев Нүкеновадан Райымбек Баталовпен қатынасы туралы қайта-қайта сұраған

397 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Елорда сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың телефоны тексеріліп жатыр. Сотталушы бұған дейін сотқа телефонының құпия кодын айтудан бас тартып келген. Дегенмен, оның қорғаушылары құпия кодты прокурорларға емес, судья Айжан Құлбаеваға айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

2023 жылғы 9 қарашада түсірілген видеоны судья «Нүкенова жалаңаш, үстінде тек қара күрте бар, еденда еңбектеп, диванның қасынан бірдеңе іздеп жүр» деп сипаттады.

Айжан Құлбаева видеоның дауысын шығарды. Онда Бишімбаев Нүкенованы қатты балағаттаған. Райымбек Баталовпен қатынасын анайы түрде қайта-қайта сұраған және мойындауын талап еткен.

Бишімбаев «мұның бәрі монтаж, менің телефонымды бұзып, біреу енгізіп қойған. Бұл видео 9 қарашада түсірілуі мүмкін емес» дейді. Сот 10 минуттық үзіліске кетті. 

Естеріңізге сала кетейік, Райымбек Баталов Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің бірі. 

Айта кетейік, бүгін сотқа Ресей және ТМД елдеріне танымал журналист Ксения Собчак қатысып жатыр. 

22 сәуір, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.