Атырау, 3 мамыр 21:02
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Енді қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз жүре алады

252 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

18 сәуірде Таиландтың министрлер кабинеті қазақстандық туристер үшін визаны біржола алып тастауды мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстан – Таиландтың туризм индустриясы үшін ең жылдам дамып келе жатқан нарықтардың бірі, елдің өсуінің негізгі драйвері.

Таиландтың Туризм басқармасының мәліметінше, былтыр Таиландқа 172 мың қазақстанды

Қазақстандық "Air Astana" әуекомпаниясы саяхатқа сұраныстың артуына байланысты Таиландқа рейстер санын көбейтіп жатыр.

Былтыр қыркүйекте үкімет пилоттық жоба аясында қазақстандық төлқұжат иелері үшін визасыз режимді бекітіп, мұны ақпан айынын 31 тамызға дейін ұзартты.

2019 жылдан бастап таиландтық паспорт иелері Қазақстанда 30 күнге дейін болуға мүмкіндік беретін визасыз режимді пайдаланады.

1 наурыздан бастап Қытайдан келгендер үшін тұрақты визадан бас тарту күшіне енді. Ал Қытай екіжақты келісім бойынша Таиландтан келгендер үшін де солай жасады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар Таиландта 30 күн визасыз жүре алатыны туралы хабарлаған едік. 

22 сәуір, 13:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.