Атырау, 28 мамыр 16:13
 ашықВ Атырау +21
$ 442.84
€ 480.97
₽ 5.00

ҰҚК Бишімбаевтың телефонын аша алмады

333 просмотра

Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтіру ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды NEGE

Бүгінгі сот отырысында судья Айжан Құлбаева Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық мамандарының Бишімбаевтың ұялы телефонын аша алмағанын мәлімдеді. 

«Телефон сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде заттай айғақ ретінде танылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бұл факті бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5-ші қызметінің 12-бөлімі зерделеу жұмыстарын жүргізді. IPhone 13 PRO MAX телефонында алты таңбалы пароль коды орнатылған және қолда бар құралдармен оны айналып өту мүмкін емес деген қорытынды шығарылды», - деді судья Айжан Құлбаева.

22 сәуір, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.