Атырау, 21 желтоқсан 14:53
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Еліміздің 5 облысындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

538 рет қаралды
Фото: freepik.com

5 облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

«2024 жылғы 22 сәуірдегі сағат 9:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 5 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4400 метр болатын су тасқыны болды», – делінген «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарламасында.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 10 автомобиль жолдарында (ұзындығы – 552 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазір республикалық жолдарда 315 техника мен 336 адам жұмылдырылған.

22 сәуір 2024, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.