Атырау, 23 сәуір 03:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14

Қазақстаннан Дубайға ұшатын рейстер әлі де кешігіп жатыр

879 рет қаралды
Фото: freepik.com

Дубайдағы толассыз жауыннан әуежайдың ұшақ қонатын айлағын су басқан. Осыған байланысты, Қазақстаннан Дубайға қарай 3 күннен бері ұшақ ұшпай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

19 сәуірде Air Astana әуе компаниясы Алматы-Дубай-Алматы рейстерін алып тастады. Ал Астана-Дубай рейсі сағат 19.00-ге дейін кешіктірілмек.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Біріккен Араб Әмірліктерінде нөсер жауын жауып, дауыл тұрған. Біздің тілшімізге сұхбат берген Дубайдағы қазақ жігіті жаңбыр жауа қалған күні жергілікті халық 4-5 сағаттап такси күткенін айтқан еді. 

19 сәуір 2024, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.