Атырау, 21 желтоқсан 18:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алматы маңында полицей жараланғанына қарамастан күдіктіні ұстады

882 рет қаралды
видеодан скриншот

Алматы облысында қарулы адам полицейге оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

17 сәуірде Алматы облысының елді мекендерінің бірінде шақырту бойынша келген учаскелік полиция инспекторына жергілікті тұрғын қарудан оқ атқан.

"Салдарынан тәртіп сақшысы жарақат алды. Жараланғанына қарамастан полицей ер адамды құрықтады. Ұсталған адам мас күйде болған. Күдіктінің іс-әрекетінде құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғуды көздейтін қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар деп танылды", - делінген хабарламада.

Қазір осы дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

19 сәуір 2024, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.