Атырау, 2 мамыр 10:12
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

ҰҚК Алматы мен тағы екі облыста ұстау операциясын жүргізді: видео

627 просмотра
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) экстремистік ұйымды ұйымдастырды және оның әрекетіне қатысты деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 сәуірде ҰҚК ІІМ-мен өзара әрекеттесе, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматыда және Алматы мен Жамбыл облыстарында Қазақстанның 4 азаматын ұстаған.

"Олар республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның әрекетіне қатысты және ұйымдастырды деп күдіктеледі. Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында көптеген діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

"Атап өтетін жайт, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Сотпен ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану сұрағы шешіліп жатыр".

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

19 сәуір, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.