Атырау, 2 мамыр 18:01
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Астана мектептерінде террор ұйымдастыру туралы видео Ресейде түсірілген

608 просмотра
Фото: Polisia.kz

Қазақстан аумағында, дәлірек айтқанда, телеграмм арналардың бірінде терроризмге байланысты жарияланған видео 2024 жылы 31 қаңтарда Ресей Федерациясының Калуга қаласында тараған. Бұл туралы Azattyq Ruhy полицияға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бүгін Астана мектептерінде террор ұйымдастырылып жатыр деген көрінеу жалған ақпарат тарап, дүрбелең туған. Полиция оның бәрін жоққа шығарды. ІІМ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделетінін еске салды.

«Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Хабарламада көрсетілген орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және күзетті күшейту бойынша шаралар қабылданды. Осыған байланысты дүрбелеңге салынбай, ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», – деді ведомстводан.  

Полиция хабарлағандай, бұған дейін Ресей Федерациясының бірқатар өңірінде осындай хабарламалар тараған.

19 сәуір, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.