Атырау, 1 мамыр 13:30
 бұлттыВ Атырау +16
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Сенат халықтың көші-қонына қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

265 просмотра

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралды. Сенат заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, оны Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген Заң халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

«Қарастырылып отырған заң Сенат депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен 10 жұмыс тобының, бас комитеттің кеңейтілген отырыстарында жан-жақты талқыланып, қарастырылды.
Заңды талқылау және оны екінші оқылымға дайындау барысында заңды жетілдіруді көздейтін маңызды өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Барлық ұсыныстар мен ескертулер 11 түзетуден тұратын салыстырмалы кестеге жинақталып, сенаторлардың назарларыңызға ұсынылып отыр. Оларды атап айтатын болсақ, құқықтық қайшылықты болдырмау мақсатында Жер кодексіне қоныс аударушыларға конкурстан тыс тәртіппен шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін берілетін жер учаскелерінің мерзімдеріне қатысты толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексі 428-1-бабының екінші бөлігі бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің, тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының қызметкерлері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, қылмыс жасаған жағдайда екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық қатаңдатылып, жазаның балама түрлері алынып тасталды»,
- деді сенатор Советбек Медебаев.

Мұнымен қоса, бейнебақылау жүйелерін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін қылмыстық жауаптылықтың енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне бейнебақылау жүйесі ұғымын енгізу бөлігінде түзетулер жасалды.

«Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына заңнама талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау туралы дербес тараудың енгізілуіне байланысты Заңның жекелеген нормалары ҚР Кәсіпкерлік кодексінің және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының нормаларына сәйкес келтірілді.

«Сонымен қатар, осы заңмен, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуiне тыйым салатын негіздер кеңейтіліп отыр. Осыған байланысты қылмыстық-процестік кодекстің нормаларына сәйкес келтіру мақсатында, «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» және «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР заңдарына тиісті толықтырулар енгізілді», - деді сенатор.

18 сәуір, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.