Атырау, 1 мамыр 16:05
 бұлттыВ Атырау +16
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

«Тергеу басталды»: Ақтөбеде жарнама щиті аялдамаға құлап, үш әйел зардап шекті

247 просмотра
Фото: "Мой город" басылымы

Ақтөбеде биікте орнатылған жарнаманың бір бөлігі аялдаманың шыны төбесіне құлады. Оның салдарынан үш әйел ауруханаға түскен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқыс оқиға «Золотой квартал» тұрғын үй кешені ауданындағы Әлия Молдағұлова даңғылында орналасқан аялдамада болған.

«Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.

«Мой город» хабарлағандай, зардап шеккендер облыстық көпсалалы ауруханаға түсіп, онда оларды травматологтар мен хирургтар тексерген.

«Ми шайқалып, аяқ-қолы сынған адамдар жоқ. Зардап шеккендердің денесі көгеріп, жарақат алған. Бір әйелдің жарасы тігілді, барлығы учаскелік қызметтің бақылауымен үйіне жіберілді»,- деп хабарлады Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы.
18 сәуір, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.